АО "Национальный научный центр хирургии" им. А.Н. Сызганова
Время работы: 8:00 - 18:00
Сall-центр:
+7 (727) 279 23 27, 279 58 59,
279 23 27
Диагностический центр:
+7 (727) 279 22 84, 279 22 40,
279 95 55
Тел./факс:+7 (727) 279 95 05

Торакалды және балалар хирургиясы бөлімшесі
тел.:8 (727) 279-22-16, 279-58-59, 279-23-27, 279-59-09, қосымша: 203


Бөлімше басшысы
Шиіртаев Бақытжан Керимбекұлы 


Бөлімше қызметінің негізі – кеңірдектің, өкпенің, көкірекортаның, өңештің, асқазанның, тік ішек пен жуан ішектің, бауырдың, өтшығу жолдарының, ұйқыбездің туа біткен және жүре пайда болған ауруларын диагностикалау және емдеу.

Бөлімшеде ересектер мен балалар ауруларының диагностикалауы мен емдеуі жүргізіледі:

Даму ақаулықтарын хирургиялық емдеу :

  • өкпенің қарапайым және кистозды гипоплазиясы;
  • кеңірдек пен бронхтардың даму ақаулықтары: кеңірдектің туа біткен тарылымдары, туа біткен лобарлық эмфизема, туа біткен бронхоэктаздар, жұп емес тамырдың үлесі, кеңірдек пен өңештің бүйірқалталары,
  • өкпенің туа біткен кисталары (жалғыз, поликистоз)
  • өкпенің секвестрациясы (өкпеден тыс және өкпе ішіндегі секвестрация)
  • бронхоэктаздарды хирургиялық емдеу;
  • өкпе қан кетуінің рентгеноэндоваскулярлық хирургиясы;
  • өкпенің қатерлі және қатерсіз өсінділерін хирургиялық емдеу;
  • өкпенің, плевраның, көкірекортаның, диафрагманың эхинококкозын хирургиялық емдеу;
  • кеңірдек пен өкпенің жаңадан шыққан өсінділерін хирургиялық емдеу; көкірекортаның қатерсіз және қатерлі жаңадан шыққан өсінділерді хирургиялық емдеу;
  • бір сәттік жедел хирургиялық араласулар, кеңірдектің тыртық тарылымдары кезіндегі, кеңірдек -көмейдің қос мүшелік кезеңдік реконструктивтік-пластикалық пен эндоскопиялық операциялар ы;
  • диафрагмалды жарықты хирургиялық емдеу және диафрагманы релаксациялау;
  • кеңірдек пен бронхтарға эндоскопиялық операциялар жасау;

Кеуде органдарының аурулары кезінде диагностикалық торакоскопия:

  • айқын емес этиологиясының экссудативті плевриті;
  • көкірекортаның есепке алынбаған жаңа өсінділері;
  • өкпенің диссеминиреленген аурулары;
  • өкпе обырының кезеңін анықтау;
  • медиастиналды лимфаденопатиялары.


Кеуде органдарын хирургиялық емдеу кезінде жедел торакоскопия:

  • пневмоторакспен асқынған буллезді ауру;
  • өкпенің перифериялық қатерсіз жаңа өсінділер;
  • өкпенің, плевраның, көкірекортаның эхинококкозы;
  • солитарлы өкпе метастазалары;
  • көкірекортаның қатерсіз жаңа өсінділері;
  • кеуде жарақаттары мен жаралары (өкпенің жаралануы, кеуде жағындағы сосудтарының, бронхтарының жаралануы;
  • плевраның эмпиемасы, пиопневмоторакс, панцирді плеврит


Балалар хирургиясы

  • Өңештің күйік тарылымына, өңештің бүйірқалтасына, өңештің ахалазиясына, өңеш жүйесінің жарықтарына, өңеш кеңірдек және өңеш- бронхиалды жыланкөзіне шалдыққан пациенттерді хирургиялық емдеу;
  • Бауырдың кисталарын және жаңа өсінділерін хирургиялық емдеу;
  • Бауырдан тыс порталды гипертензиясын хирургиялық емдеу;
  • бауыр циррозын және оның асқынуларын, эндоваскулярлық түзету әдістерін қосқанда, хирургиялық емдеу;
  • өтшығу жолдарында ақаулықтарының дамуын және аномалияларды хирургиялық емдеу;
  • ұйқыбезінің кисталарын және жаңа шыққан өсінділерді хирургиялық емдеу;
  • тоқ ішек пен көтен ішектің аномалиялары мен ақаулықтарының дамуын хирургиялық емдеу;
  • алдынғы ішперде құысының жарықтарын бастапқы және қайталама жедел хирургиялық араласулар (дәстүрлі әдістемелер мен синтетикалық материалдарды қолдануымен);
  • кеуде органдарының туа біткен ақаулықтары бар ауруларды хирургиялық емдеу;
  • жұмсақ тінді жаңа шыққан өсінділерді хирургиялық емдеу (гемангиомалар, орналасқан фиброматоз бен липоматоз және т.б.)
  • мойынның ортадағы және жанындағы кисталарын хирургиялық емдеу.

Тексерілу мен емделу мәселелері бойынша бөлімшенің келесі телефон нөмірлері бойынша жүгінуге болады: 8 (727) 279-22-16,
279-58-59, 279-23-27, 279-59-09, қосымша: 204, 203
Консультациялар «А.Н.Сызғанов атындағы ҰҒХО» АҚ Диагностикалық орталығындағы мамандардың қабылдау кестесіне сәйкес, Алматы қ., Желтоқсан көш 51 - мекен-жайы бойынша іске асырылады.